Астанада Қордай мен Сәтбаев көшелерінің арасындағы жол учаскесі ішінара жабылады

Жол жөндеу, Астана, Қордай, Сәтбаев, 19 қараша, 2027, қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 20:29 Сурет: unsplash
Елорданың Алматы ауданындағы Қордай көшесінен Қаныш Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде инженерлік желілерді тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 19 қарашадан 2027 жылғы қаңтар айының соңына дейін өз күшінде болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Жол жабылады, Астана, Қордай көшесі, Сәтпаев көшесі, 19 қараша, 2027, қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 20:29

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: