Астанада Абылайхан даңғылы ішінара жабылды

Бүгін, 2025 жылы 4 мамырда Астанадағы Абылай хан даңғылында Манас көшесінен Момышұлы даңғылына дейінгі аралық учаскеде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 3-9 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы қос тараптың бірінде тек бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Бұған дейін Астанада 2025 жылы 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтетінін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript