Астанада 7 мамырда әскери шеруді қайдан көруге болады

Астанада 7 мамырда әскери шеруді қайдан көруге болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 12:56 Сурет: gov.kz
Астанада 2025 жылғы 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі. Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР Қарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және тағы басқа ардагерлері шақырылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция ұйымдастырылады:

  • ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру);
  • Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында);
  • Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы "Astana Music Hall" тұрақ аумағы (Құмыра).

Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Әкімдік мына өзгерістерге назар аудару қажет екенін ескертті:

  • Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі;
  • Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет;
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз;
  • Аталған учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: