Астанада Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, ремонтные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 09:24 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Елордада Б.Момышұлы даңғылынан Б.Майлин көшесіне дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жол ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы 2025 жылғы 25 мамырда Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

"Жол қозғалысы 26 және 27 мамырда шектеледі. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады",- делінген ақпаратта.

Ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бұған дейін Ақтөбеде қала күніне арналған этнофестиваль өткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: