58 мың қазақстандық отбасы кедейліктен құтылды

2023-2024 жылдары АӘК алған 58 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі ресми сайтында мәлімдеді.

Ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылы және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алған 58 445 отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кедейлік жағдайынан шыққан.

"2023 жылы жалпы сомасы 59,4 млрд теңгеге 114,1 мың отбасы (598,4 мың адам), 2024 жылдың үш айында 7,8 млрд теңгеге 58,8 мың отбасы (312 мың адам) АӘК алды."ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ең көп АӘК алушылар:

АӘК алушылардың ең аз саны:

АӘК алушылардың құрылымында ең көп үлес балалардыкы - 65,4% немесе 391,2 мың адам.

АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК келесілерді көздейді:

Мысалы, Ақтөбе облысында көпбалалы отбасы мемлекеттік қолдау шаралары аясында 2023 жылдың қыркүйегінде 400 АЕК немесе 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, шағын наубайхана ашты.

"Біз күйеуім екеуміз 6 бала тәрбиелеп отырмыз, жұбайым "Қазпошта" АҚ-да жұмыс істейді. Біз 2018-2019, сондай-ақ 2022-2023 жылдары АӘК алушы болдық. 2023 жылы қайтарымсыз грант алғаннан кейін мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Сондай-ақ, 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз", – деді Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны Жанаргүл Нағиметова.

Қостанай облысының тұрғыны Кристина Рогожникова да жоба аясында қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін бастаған. Ол отбасымен бірге 2021 жылдан 2023 жылға дейін АӘК алып келген.

"Мен маникюр саласына келуді көптен бері ойластырып жүрдім, себебі өзімді дәл осы бағытта сынап көргім келді. Мансап орталығында маған кеңес берілді, содан кейін "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша оқудан өттім. Әрі қарай мен 1 млн 380 теңге көлемінде грант алып, кабинет ашып, жұмыс бастап кеттім", – деді кәсіпкер келіншек.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: