Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушыдан "үндеу": Астана прокуратурасы мәлімдеме жасады

Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Instagram желісінде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың жалған парақшасы пайда болып, танымалдылыққа ие болды. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта аккаунтқа 19 мыңға жуық адам жазылып үлгерді.

Сурет: Instagram/aijan.aimaganova

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған:

"Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!".

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды