Роман Скляр СҚО-дағы су тасқынына қарсы жұмыстарды тексеру мақсатында түнгі рейд жүргізді

Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында жарияланды.

Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді.

Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды.

"Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құратын боламыз", — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, Роман Скляр СҚО халқымен кездесу барысында зардап шеккендердің барлық шығыны өтелетінін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі