Скляр: Зардап шеккендердің барлық шығыны өтелінеді

Роман Скляр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 09:18 Сурет: primeminister.kz
Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр СҚО облысының зардап шеккен тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен жүздесті.

Бұл аймақта 8 үй су астында қалған. Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2024 жылдың 7сәуірі күні мемлекет басшысының тапсырмасымен Роман Скляр СҚО-на іссапарда болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: