Мәулен Әшімбаев, Қуандық Бишімбаевтың Ұлттық экономика министрі қызметінде өте ұзақ уақыт бұрын отырғанын баса айтты.
"Бишімбаевқа қарап бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдарда сол сынды деп баға беру қате пікір. Бұл дұрыс емес. Бишімбаев еліміздің заңдарына сәйкес өз іс – әрекеттері үшін жеке өзі жауап берсін", - деді Әшімбаев.
Ол мемлекеттік қызметте прогрессивті және лайықты адамдар жұмыс істейтінін айтты.
Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.
2024 жылдың 8 қаңтарында Бишімбаев ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды. Кейін Ішкі істер министрлігі әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевқа "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қоса, "азаптау" бабы бойынша да айып тағылғанын хабарлады.