Су басқан өңірлердегі студенттер онлайн оқуға ауыстырылуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов 11 сәуірде ОКҚ-да өткен брифинг барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жоғары оқу орындарының студенттерін онлайн оқуға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғат Ешенқұлов бүгінгі таңда су басқан тоғыз өңірдің 30 жоғары оқу орны апаттан эвакуацияланған азаматтар үшін қолдау көрсетіп, көмектесіп жатқанын жеткізді. 

Оның ішінде 16 жоғары оқу орнының жатақханаларынан жалпы саны 3820 орын даярланып, онда 548 адам орналасты, оның 228-і мектеп жасындағы балалар. Ал резервтегі орындар саны 3272-ні құрайды.

"Сонымен қатар, табиғи апат болған жағдайда жоғары оқу орындары студенттерді қашықтықтан оқуға жібере алады. Қазір залал келген үйлерді қалпына келтіру және жаңа құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін зардап шеккен тұрғындарды жатақханаларда қалдыру үшін ондағы студенттерді қашықтықтан оқытуға жіберу мәселесі қаралуда. Бүгінде бір ғана жоғары оқу орыны, атап айтқанда Ақтөбе облысындағы Досмұхаметов атындағы университеттің студенттері онлайн режимге ауысқан, қалғандары оқу процесін штаттық режимде жалғастыруда", - деді вице-министр.

11 сәуірде Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Атырау және Ақтөбе облыстарының оқушылары БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау) және ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау) тапсырмайтынын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты