Алматыда Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің маңызды тапсырмаларын айтты. Оның айтуынша, Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөзін жалғастыра отырып, президент әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөлетінін түсіндірді.

"Сонымен қатар біздің алдымызда энергетикалық ақауларды, эпидемиялар мен құрғақшылықты болжау және алдын алу міндеті тұр. Тиісті министрліктер мен әкімдіктер төтенше жағдайлардың ықтимал тәуекелдерін ескере отырып, салалар мен өңірлерді дамыту бағдарламаларын қайта қарауы керек. Бұл жұмысқа ғылыми қоғамдастықты, гидрология, климатология, география, инженерия және т.б. мамандарды тарту қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар барлық жерде жоғары сапалы ғылыми қолдауға сүйену керек екенін тағы да қадап айтты.


"Бұл өте маңызды міндет. Шешімдерді мұқият пысықтап, негіздеп, содан кейін ғана қабылдау керек. Сондықтан елдегі ғалымдар мен ғылыми орталықтарда жағдайды талдау және болжау үшін барлық қажетті құралдар болуы керек". Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматы тұрғындары соңғы жер сілкінісінің бірін 2024 жылдың 10 сәуірінде кешке сезінді.

Алматы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды