Қазақстанда екі ЖОО-да жаңа кампустар салынады

Сурет: akorda.kz
Қазақстанда жоғары білім беруді дамытуды тозығы жеткен Инфрақұрылым тежеп отыр. Бұл туралы 2024 жылғы 12 сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары ескірген.

"Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары ескірген. Көбі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Бұлардың ішіндегі ең жаңа дегені – 1982 жылы бой көтерген Ақтөбе мемлекеттік университеті.",- деді мемлекет басшысы.

Осы себептен де Тоқаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін жаңа ғимараттар, яғни кампустар салуды тапсырды.

Сондай-ақ, президент материалдық-техникалық базаны және басқа да жоғары оқу орындарын жаңғырту қажет екенін айтты.

"Университеттердің және зерттеу орталықтарының ескірген зертханаларын біртіндеп қалыпқа келтіру қажет"Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз жақтарын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті