Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады
Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 12 сәуірде Ақордада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев университет ғылымы мен ғылыми инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, еліміздегі жоғары білім саласын дамытуға тозығы жеткен инфрақұрылымның бөгеті орасан зор.
"Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары ескірген. Көбі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Бұлардың ішіндегі ең жаңа дегені – 1982 жылы бой көтерген Ақтөбе мемлекеттік университеті. Осы орайда менің тапсырмаммен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін жаңа ғимараттар, яғни кампустар салынады.",- деді мемлекет басшысы.
Екінші мәселе ретінде, оқыту жүйесіндегі қателіктері туралы айтты. Соның бірінің көрінісі - елдегі ЖОО-ның халықаралық рейтингтерде көрсеткіштерінің төмен болуы.
"Бүгінде университет профессорлары мен оқытушылары арасында ғылыми атағы бар мамандардың үлесі 40 пайыздан сәл асады. Бұл үрдіс докторант пен магистрант қана емес, бакалавр даярлаудың сапасына да кері әсер етеді. Құзырлы министрлікке нақты шара қабылдауды тапсырамын."Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұдан бөлек, медицина ғылымында нәтижелі ізденістер бар екендігін. Соның жарқын мысалы қатерлі ісікке қарсы отандық ғалым Дос Сарбасов ойлап тапқан бірегей препаратты айтты.
"Ғалым Сарбасовтың Қазақстанда клиникалық зерттеулер хабын құру жөніндегі ұсынысын ескерген жөн деп санаймын. Еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өңірлік теңсіздік байқалады. Мықты университеттердің көбі Астана мен Алматыда орналасқан. Бұл ішкі көші-қон жүйесінің бұзылуына және өңірлердегі кадр тапшылығына әкеп соқтырады.",- деп айтты.
Айта кетейік, мемлекет басшысы ғылыми зерттеу жүргізетін сала мамандарының білім ордасы жағдайына көңілі толмайтынын да баса айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript