Мемлекет басшысының ғылыми зерттеу жүргізетін сала мамандарының білім ордасы жағдайына көңілі толмайды
Мемлекет басшысы ғылымның әлеуетін техногендік және табиғи апаттарды болжау, климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін барынша пайдалану маңызын айтты.
"Апатты ғылыми тұрғыдан болжау, оның ықтималдығы мен әсерінің ауқымын дер кезінде бағалау өте маңызды. Су тасқыны, орман өрті және Алматыдағы жер сілкінісі осыны айқын аңғартты. Ашығын айтсақ, төтенше жағдайдың алдын алу ісінде айтарлықтай олқылықтар бар. Бұл – жылдар бойы шешімін таппаған мәселелер. Ең алдымен – білікті мамандардың тапшылығы. Тиісті ғылыми қорытынды сапалы жасалмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерту керек",- деді Президент.
Сонымен қатар, сала мамандарын оқытатын білім ордаларының жұмысы мен сапасы туралы да баса айтты. Мәселен, Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес еместігіне көңіл аударды. Үкіметке тиісті шаралар мен ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
"Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдадық. Оқу орнын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау керек.",- деп толықтырды мемлекет басшысы.
Соңғы кезде Алматы қаласында жиі болып кеткен, зілзалалардың және басқа да табиғи апаттардың алдын-алу мақсатында зерттеу жүргізуді бұйырды.
"Менің тапсырмаммен Алматы аумағына арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі. Әкімдік үш жылдық зерттеу жұмыстарына қаржы бөледі. Энергетикалық апатты, эпидемияны, қуаңшылықты болжау және оның алдын алу мәселесі аса маңызды."
Мемлекет басшысы жиын барысында ғылым саласында оң жетістіктер көрсетіп жүрген сала мамандарын айта отырып, қызметті одан әрі өрлету керек екендігін айтты.
"БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климат саммиті өтеді. Бұл маңызды іс-шара халықаралық қоғамдастықтың назарын мұздықтардың еруі, өзендер мен көлдердің таяздануы, шөлейттену, жердің тозуы сияқты проблемаларға аударуға мүмкіндік береді. Саммитке дайындықты қазірден бастау керек."Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұдан бөлек, жаһандық индустрияландыру мен урбанизация үдерісі климаттың өзгеруіне тікелей әсер етіп жатқанын айтып, қазақстандықтарды қоршаған ортаны қорғауға шақырды.