Атбасарда су тасқынымен тәулік бойы күресуде

Сурет: wikipedia
ТЖД мәліметінше, Жамбыл облысының құтқарушылары Ақмола облысының Атбасар қаласында тәулік бойы еріген суды бұру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства ақпаратына сүйенсек, Самарқа ауылында 45 жергілікті тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз орындарға көшірілген. Сондай-ақ, ауылдың орта мектебін қорғау үшін 1500 данадан астам қапшық төсеу жұмыстары жүргізілген.

Бұған дейін Министрлікте Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының маңындағы саяжай алаптарынан жергілікті тұрғындар мен үй жануарларын тәулік бойы қауіпсіз орындарға эвакуациялайтынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында да тәулік бойы су басу аймақтарынан азаматтарды эвакуациялау жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады