Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мемлекеттік кірістер комитеті "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін:

- салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тағайындау;

- мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын салықтық тексерулер жүргізу мерзімінің өтуі.

Бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне және талап қою мерзіміне қосылмайды;

Бұйрық 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында талқылау үшін 29 сәуірге дейін орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған