Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясына қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады. Тамғалы-Тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші. Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдырады.",- деді өңірдегі баспасөз қызметі.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған "Тамғалы-Тас" тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.",- деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, ағымдағы аптада "Киелі мекен" шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады. Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк тиеу техникасы пайдаланылды.

Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды