Алматылықтарға жылу желілеріне жүргізілетін сынақ туралы ескертілді

2024 жылғы 24 сәуірінен 15 мамырына дейін Алматы қаласының барлық аудандарының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мәлімдеді.

"Бұл күндері күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін, магистральдық және тарату құбырларын тексеру тікелей жүргізілетін кезде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына өте мұқият болуға, қарапайым сақтық ережелерін сақтауға кеңес береміз!",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, штаттан тыс жағдайлар орын алуы мүмкіндігін айтты. Мәселен, судың жер бетіне шығуы, жол жамылғысының ішінара бұзылуы және т.б.

"Мұндай жағдайларда ешқандай өз бетіңізше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мына 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлаңыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Жылу желісіне сынақ жүргізу кестесі

24 сәуір

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек — Бродский — Рысқұлов — Сейфуллин;

Наурызбай ауданы: Райымбек — Жүнісов — Абай — Алтын Орда;

24 мен 25 сәуір

Алмалы және Әуезов аудандары: Ұлықбек — Рысқұлбеков— Сайын — Үлкен Алматы өзені;

24 мен 26 сәуір

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Бөгенбай батыр — Мұратбаев — Мақатаев — Сейфуллин — Тобаяқов — Назарбаев — Мәметова — Уалиханов;

24 мен 28 сәуір

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов — Сейфуллин — Солтүстік айналым — Боралдай;

25 сәуір

Алатау ауданы: Мөңке би — Момышұлы — Райымбекұ — Фариза Оңғарсынова.

25 мен 26 сәуір

Әуезов ауданы: Ұлықбек — Жандосов — Сайын — Садуақасов;

26 сәуір

Алатау ауданы: Райымбеа — Отрар — Рысқұлов — Немирович-Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин — Петров — Қарасай батыр — Райымбек;

27 сәуірден 14 мамырға дейін

Бостандық ауданы:

Медеу ауданы: Тайманов — Чайкина — Достық — Мендіқұлов — Әл-Фараби — Жолдасбеков — Достық — Байжанов — ІІМ шипажайы.

29 сәуір

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр — Мақатаев — Розыбақиев — Шарипов;

29 мен 30 сәуір

Наурызбай ауданы: Проектируемая — Айтбаев — Райымбек — Алтын Алаш;

Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандары: Төле би — Сәтпаев — Әшімова — Ислам Каримов;

29 сәуірінен 2 мамырына дейін

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин — Рысқұлов —Жангелдин — Райымбек — Куратов — Гоголь;

2 мен 3 мамыр

Алмалы және Бостандық, Медеу аудандары: Гоголь — Курганская — Сәтпаевь — Чайковский;

Алмалы Әуезов аудандары: Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи — Емцов.

3 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр — Тимирязев — Шағабұтдинов — Розыбақиев;

6 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр — Жандосов — Варламов — Айманов;

Алатау ауданы: Мөңке би — Момышұлы — Фариза Оңғарсынова — Зерделі шағын ауданы;

7 мамыр

Алатау ауданы: Аккайнар пос.— Мамбетов — БАК-тың оңтүстік жағы;

13 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыра — Өтепов — Розыбақиев — Байзақов;

13 мен 14 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би — Панфилов — Шевченко — Желтоқсан — Сәтпаев — Байтұрсынов;

14 мен 15 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов — Абай— Желтоқсан — Тимирязев — Гоголь — Есентай өзені;

"Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталатын болады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.",- делінен ведомства ақпаратында.

Алматы тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: