Интернет-алаяқтар зейнеткерді 50 млн теңгеге алдап кетпек болған

Интернет-алаяқтар зейнеткерді 50 млн теңгеге алдап кетпек болған Сурет: unsplash
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев ведомствоның 2024 жылғы 22 сәуірдегі брифингінде интернет-алаяқ зейнеткерден 50 млн теңгені алдап аудармақ болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағандыда полицейлер зейнеткерді алаяқтардан сақтап қалды.

"Қарағанды облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөліміне банктен қоңырау түседі. Олар өз депозитінен 50 млн теңге алмақ болған əйел туралы хабарлайды.", – деді Шыңғыс Әлекешев.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қаржы мекемесіне дереу келген.

"Қаржы мекемесіне барған тəртіп сақшыларына қала тұрғыны өз шотындағы ақшаны шешіп алып, немересінің депозитіне салғысы келетінін айтқан. Ал немересі бұл туралы мүлдем білмеген. Полицейлер зейнеткерді қаражатты шешпеуге көндірген. Алаяқтардың əйелге "бұл туралы ешкімге айтпа" деп ескерткендігі анықталды", – деді спикер.

Оларға сеніп қалған қала тұрғыны ешкімге тіс жармай, қаскөйлердің нұсқауын орындамақ болған.

2024 жылдың 4 сәуірінде Астана полициясында интернет-алаяқтардың негізгі схемалары және оларды қалай пайдаланатыны туралы айтылды.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады