Алматыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсатсыз пайдалану деректері тексеріледі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мақсатсыз пайдалану деректері тексеріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада жалпы ауданы шамамен 3 581 гектар болатын 2 054 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 2 777 меншік иесі бар.

"Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаменті Алматы әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр", - деді қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин. 

Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Бұдан өзгемемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі мен өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың нақты шекаралары бойынша деректер енгізілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды