Оралда "Таза Қазақстан" сенбілік науқаны "таза қаладан" басталды

Сурет: Жайық пресс
Оралда "Таза Қазақстан" акциясы басталды. Кәсіпорындар, қала тұрғындары мен белсенділер шаһардың шырайын кіргізу жұмысына жұмыла кірісті. Сүйікті қаласының сәнін кіргізсек деген тұрғындар абаттандыру жұмысын қаланың шеткері аудандарынан бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш акцияға екі мыңнан астам тұрғын, 50-ден астам техникка жұмылдырылды. Орал қаласы тұрғын үй комуналдық шаруашылғы бөлімінің басшысы Азамат Халеловтың айтуынша, тазалау кезінде шаһардың шеткері аудандарына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру ісі де басты приоритеттердің бірі болмақ. Тозығы жеткен балалар ойын алаңдары жаңартылып, тал егіліп, ескерткіштер жаңартылады. Бұлақ көздерін ашуға да белсенділер мен қала тұрғындары атсалысатын болады.

Сурет: Жайық пресс

"Сүйікті қаламыздың тазалығы барлығымызға ортақ іс. Әрт ұрғын сенбілікке шығып, игі іске үлесін қосып жатқан әр тұрғын отанымыздың гүлденуіне үлкен үлес қосуда. Барлығымызға белгілі бұл акция мемлекет басшысының тапсырмасымен 8 сәуірде басталды. Қалалар мен ауылдық елдімекендерді жинау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы әр қазақстандықтың абыройлы міндеті. Бір айдан астам уақыта созылатын акцияға белсенді қатысуға шақырамын", – деді сенбілікке келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.


Сурет: Жайық пресс

Айта кетейік, аталмыш тазалық науқанның алғашқы аптасы "Таза өлке" деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды. Одан соңғы аптаға "Киелі мекен" атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сурет: Жайық пресс

Ал "Жасыл аймақ" аталатын үшінші аптада көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі. "Өнегелі ұрпақ" деп аталатын аптада ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек көрсетіледі. Одан соң ел болып, "Мөлдір бұлақ" атауы берілген акцияның соңғы, бесінші аптасында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Сурет: Жайық пресс

Жайық пресс

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев