Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 мамырда қалада барлық қалалық субұрқақтар іске қосылады.
"1 мамырда Алматы қаласында 60 субұрқақ іске қосылады. Қала балансында барлығы 66 субұрқақ бар, оның 6-ын қайта жаңғыртуда ("Одуванчик", "Аққу", "Қызғалдақ" субұрқақтары, М. Әуезов Қазақ ұлттық драма театрының алдында.. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Мемлекеттік мұражайы)."Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында субұрқақтардың тостағандары, түптері, қабырғалары тазартылып, гранит плиталарын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.
"Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін бояды, электр жабдықтары мен сорғыларына, электр энергиясының инженерлік желілеріне, суық сумен жабдықтауға және кәрізге ревизия жүргізді. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері қайта консервацияланды. Дайындық жұмыстары барысында авариялық учаскелер анықталды, қазіргі уақытта инженерлік сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталуда.",- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
8 сәуірден 8 мамырға дейін "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өтіп жатыр, оның аясында қалада және таулар, өзендер мен көлдер аумағында қоқыстардан тазарту, ағаштарды, гүлдер мен бұталарды жаппай отырғызу, ғимараттардың қасбеттерін жуу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалар жән спорт алаңдары жөнделіп, айнала абаттандырылуда.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі қаланың тазалығы мен абаттандырылуына әркім өз үлесін қоса алатынын айтты.
"Толық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер мен афишалардағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады. Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғы"Алматы әкімдігі
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі