Алматы полициясы интернет-алаяқтардың жүздерін көрсетті

Сурет: ҚР ІІМ
Алаяқтар үнемі алдау схемаларын ойлап тауып, сенгіш азаматтардан пайда көреді. Мәселен, жақында ғана шабуыл жасағандар өздерін тәртіп сақшыларымыз деп таныстырып, ірі арнайы операциямен айналысып жатырмыз деп мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаменті, ауқымды арнайы іс-шара жасап жатырмыз деп өздерін жиі Қазақстанның тәртіп сақшылары ретінде таныстыратын танымал алаяқтардың жүздері бейнеленген фотоколлаж дайындады.

Сурет: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

"Алматы полициясы, қазір интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін ескертеді, онда күдіктілер Whatsapp мессенджерінде аккаунт ашып, аватарларына мемлекеттік мекеме немесе жеке ұйым басшысының суретін қойып, "ҚР ҰҚК кенеттен тексеріп жатыр" деген сылтаумен қарамағындағыларға үшінші тұлғалардың әртүрлі шоттарына шұғыл ақша аудару қажеттілігі туралы жазады. Өкінішке қарай, бұл тізбекпен алданған жағдайлар бар. Сондықтан азаматтардың алаяқтарды көзбен көріп, олармен диалогқа түспеуі өте маңызды", – деді, Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді