Жалпыға бірдей декларациялау бойынша жиі қойылатын топ-5 сұрақтың жауабы

Сурет: freepik
Мемлекеттік кірістер комитетінде жалпыға бірдей декларациялау аясында 2024 жылы салық декларациясын тапсыру бойынша ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда "Басқа мүлік" бөлімінде қандай мүлік көрсетілуі керек?

Бұл бөлімде, егер мұндай мүлік бірлігінің бағалау құны 1 000 еселенген АЕК мөлшерінен (3,5 млн.теңге) асып кетсе, Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік көрсетіледі.

Бөлім жеке тұлғаның қалауы бойынша толтырылады. Қазақстанда мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүлікті көрсетуге болады. Мысалы: гауһартас, мәдени құндылықтар, асыл тұқымды жануарлар, зергерлік бұйымдар және тағы басқалар.

2. Егер мен активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырған кезде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді көрсетсем, қандай жауапкершілік қарастырылған?

Егер Сіз активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда толық емес, дұрыс емес мәліметтерді ұсынған болсаңыз, бірақ бұл салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелуіне әкеп соқпаса, онда "ескерту" түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жол берілген құқық бұзушылық үшін 3 айл-ық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (2024 жылы айлық 11 076 теңге).

3. Банктерден алынған несиелерді декларацияда көрсету қажет пе?

Банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілмейді.

4. Декларацияларды түзетуге бола ма?

Азаматтар кез - келген қателерді немесе толық емес мәліметтерді қосымша декларация беру арқылы дербес жоюға құқылы. Дегенмен, қосымша декларация талап қою мерзімі (3 жыл) ішінде тапсыруы керек.

5. 270.00 нысанды декларацияда қандай кірістер көрсетілмейді?

Ағымдағы жылдан бастап төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар және тағы басқалар) көрсету қажеттілігі алынып тасталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды