Ірі кәсіпорын ұйымы Павлодардағы саябақ аумағына заңсыз тұрғын үй кешенін салғысы келді

Павлодарда ірі кәсіпорын қалалық саябақтың жерін иемдене жаздады. Павлодар облысының прокуратурасы қала саябағы аумағының бір бөлігін екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 30 сәуірінде Павлодар облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ауданы 1,2 га "Металлургтер" паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін "Eurasian Resources Group" компанияларының бірі – "Қазақстан алюминийі" АҚ-ға тікелей бөлінген.",-делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат құжаттарының күші жойылды.

"Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды."Павлодар облысының прокуратурасы

Айта кетейік, 2024 жылдың 26 сәуірінде Жамбыл облысында 465 га жер заңсыз жалға берілгені белгілі болды.

Павлодар Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: