"Нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұрады": 12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК жексенбі, 12 мамырға арналған Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты әлі де еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аудандарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ құбылыс - желдің екпін алуы, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, батысында, Павлодар облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1,3 градус суықты көрсетеді деп болжанады. 

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау қаласының орталығында, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі сақталады, Қызылорда облысы Қазалы ауданында төтенше өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақсу қаласында трансформатор өртенді

"Айына 500 млн теңге табыс". Kizdar.net сайтының артында кімдер тұрғаны белгілі болды

Алматыда Kizdar.net сайтының болжамды ұйымдастырушылары ұсталды

Қазақстан боксшылары Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады