Алматыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыдағы компьютерлік клубтарда ұрлық жасап жүрген күдікті қолға түсті.

Бірқатар ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды. Ол Алмалы ауданында кемінде 10 ұрлық жасады деген күдікке ілінген.

Полицияның мәліметінше, ер адам компьютерлік клубтардың клиенті ретінде келіп, телефондарды, ойын приставкаларын және оларға арналған бөлшектерді жасырын түрде ұрлаған.

Сонымен қатар ол жатақханалар мен қонақүйлерден сырт киім мен әкімшілікке тиесілі қаражатты ұрлаған.


"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті ұсталды. Бірқатар ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Оның жеке басы бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр. Айтпақшы, бұрын бұл азамат бірнеше рет ұрлық пен тонау жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды