Ақтөбе облысында 79 шаруа қожалығына өтемақы төленді

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында тасқын кезінде 185 кәсіпкерлік нысанға залал келген. Оның басым бөлігі агроөнеркәсіп кешендері мен қызмет көрсету мекемелері.

Бизнес өкілдерінің мәліметінше, шығын көлемі 3,9 миллард теңге шамасында. Нақты мөлшері бағалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.

Қазір өңірде өлген малға өтемақы беру жұмысы жалғасып жатыр.

Облыс бойынша 3 232 бас мал өлген. Оның 1 280-іне өтемақы төленді, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, 79 шаруа қожалығы мен жекелеген тұрғындарға 229 миллион теңге көлемінде қаржы берілген.

"Бұл жұмыстар әлі жалғасын табады. Дерекқорда бар, бірақ малдың өлексесі табылмаған, құлағында сырғасы жоқ малдар жиналып жатқан қаржыландыру қоры арқылы төленетін болады алдағы уақытта." Панабек Бимұратов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді