Шымкент мешітіндегі төбелес: имам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Сурет: видео скрині
Әлеуметтік желіде мешітте намаз оқып тұрған ер адамды соққыға жыққан тұрғынның видеосы тарады. Бүгінде оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. Ал құқық бұзушылық орын алған мешіт имамы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте өзге мәзһабта намаз оқыған ер адам соққыға жығылды. Оқиға қаладағы Әбдусаттар Сманов мешітінде болған. Видеодан мешітте намаз оқып жатқан жамағатты көруге болады. Бір сәтте ер адам күтпеген жерден қасында тұрған азаматты ұрып құлатып, аяғымен тепкілей бастайды. Мешіт имамы бұл оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

"Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. Бізде ҚМДБ бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында "әминді" іштен айтылады деп ескертілді және де осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз оны қатты эмоцияға беріліп, қол жұмсап жіберді", - деді мешіт имамы Берік Шотабеков.

Бүгінде оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр. Бұл оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

"Оқиға қатысушылары полицияға арызданды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады", - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды