Алматыда соттың шешімімен заңсыз коммерциялық нысан сүріледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Шұғыла шағын ауданындағы Жуалы көшесі, 88 учаскедегі асхана мен дүкен бұзылды.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттары болмаса да ғимарат салғаны анықталды.

Айта кетейік, 2023 жылғы 28 наурызда басқарма меншік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылдады және жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, Басқарма Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотына сүруге талап арыз берді.

2023 жылғы 9 қарашада Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды, 2024 жылғы 7 ақпанда Алматы қалалық соты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Меншік иесі Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге нысанды ерікті түрде бұзуды бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Жалпы, қалада талап-арыз қою қызметінің нәтижесі бойынша өткен жылдан бастап 32 заңсыз нысан толығымен немесе жартылай бұзылды. Атап айтсақ, бизнес-орталық, мейрамхана, қосалқы ғимарат пен автосервис, сондай-ақ Мечта және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін