Маңғыстауда төрт түліктің жолға шығып кетуі жиіледі

Сурет: akorda.kz
Маңғыстауда жыл басынан бері төрт түліктің жолға шығып кетуі салдарынан 3 жол-көлік апаты болған. Бір адам қаза тауып, бірнеше жолаушы ауыр жарақат алды.

Осындай оқиғаның алдын алу үшін құзырлы орган қызметкерлері мен полицейлер шаруа қожалықтарына жарық шағылыстырғыш ленталар таратып жатыр.

Төрт түліктің мойнына тағылатын бұл лента көлік жүргізушілерге алдағы кедергіні алыстан байқауға мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Ал, талапты елемеген азаматтар жазаланады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Республикалық маңызы бар тас жолдарда жол көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында шаруа қожалық иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Егер де, жол бойына мал жануарларын қараусыз қалдырылғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 408-ші бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертіледі." Ерлан Биялиев, жол мекемесінің өкілі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан