Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Сурет: pixabay
Қазақстан Үкіметі "Қазгидрогеология "Ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" 2024 жылғы 23 сәуірдегі қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "Қазгидрогеология" Ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын", - делінген құжатта.

КЕАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелері саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер құру болып айқындалды.

КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" РМК балансында тұрған республикалық мүлік есебінен белгіленді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады