Алматыда 20 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген Терренкур абаттандырылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Терренкур саябақ аймағы су айдынының айналасындағы жалпы ауданы 3,4 га учаскені реконструкциялау басталады. Бұл аймақ Тәттімбет көшесі мен Достық даңғылына жақын маңдағы шығыс бөлікте орналасқан.

Мұнда кең демалыс аймағы, тоған бойындағы серуендеу жолы және өтпелі көпір бар. Әдемі тоғанның аумағында судың жанында өнер көрсетуге арналған сахна болады. Оған қарама-қарсы заманауи ашық амфитеатр орналасады.

Терренкурдағы әйгілі ротонда да өзгереді, ол 20 жыл ішінде мүлдем қараусыз қалған.

Келушілердің жайлылығы үшін жаңа балалар және спорт алаңдары, орындықтар мен урналар, жарықтандыру тіректері орнатылады. Ауданы 19,6 мың м2 учаскені көгалдандыру, 2,8 мың м2 тротуар плиталарын төсеу және автосуару жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жоспарланған.

Реконструкция аясында тоғанды абаттандыру да қарастырылған, осыған байланысты қазіргі уақытта су жоқ. Жұмыс аяқталғаннан соң су беріледі. Реконструкция маусым айының басында басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Жаңарған қоғамдық кеңістік учаскені алматылықтар мен қала қонақтары үшін жайлы және тартымды демалыс аймағына айналдырады.

Айта кетерлігі, Терренкурдағы денсаулық соқпағы 1974 жылы салынған. Бұл аумақ жеке меншікте болды және жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген. 2023 жылы учаске коммуналдық меншікке қайтарылды, содан кейін реконструкциялау жөнінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды