Абай облысының тұрғыны 2 млн теңге ұрлап, құмар ойынға салып жіберген

Сурет: pexels
Абай облысының 25 жастағы тұрғыны Семейде өзінің туысының үйінде отырып, ағасынан қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Содан банктердің бірінің мобильді қосымшасына кіріп, кездейсоқ кодын ашып, өзінің жеке шотына 2 млн теңге аударған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көп ұзамай жәбірленушінің жиені ұрланған ақшаны букмекерлік кеңсеге тігіп жіберген.

Сот құмар ойынға тәуелдіні ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында ("Ұрлық") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындап, сол мерзімге пробациялық бақылауды белгілеген.

"25 жастағы тұрғын пробация қызметіне есепке қойылды. Кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкінетінін айтты. Отбасылы, кішкентай баласы бар, есепке қойылғаннан кейін оған әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілді. Бос жұмыс орындарының квотасы бойынша электрик ретінде жұмысқа орналастырылды", - деді пробация қызметінің аға инспекторы Назым Тоқтар.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін