Тоқаев: 2023 жыл жоғары инфляцияға қарамастан, Қазақстан үшін жақсы жыл болды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Цифрлық теңге" жобасының іске асырылу барысы және цифрландыру мәселесіне қатысты маңызды бастамалар жайында ақпарат берілді, деп хабаралайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2023 жылы қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп, Open API платформасы мен Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталығы пилоттық режимде іске қосылды.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа, жоғары инфляцияға және жаһандық сауданың төмендеуіне қарамастан, былтыр жалпы Қазақстан үшін жақсы жыл болғанын атап өтті. Сонымен қатар қазіргі әлемдік жағдайда еліміздің макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк пен Үкімет үйлесімді жұмысты жалғастыра беруі қажет.

Президент ұлттық қаржы нарығы жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін арттыруға және инфрақұрылым құруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі