Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 60,86 теңгені (-0,11) құрады.
Ұлттық банк еуро бағамын 480,02 теңге, рубльді 4,88 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 442,1-443,7 теңгеге, еуро 478-482 теңгеге, ресей рублі 4,85-4,93 теңгеге сатылуда.
Ал 22 мамырдағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 1,40%-ға төмендеп, барреліне $81,71 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының шілдедегі фьючерстері 1,44%-ға төмендеп, барреліне 77,53 долларды құрады.