Гараж кооперативтерінде, көлік жөндейтін жеке шеберханаларда, көлік жөндеу станцияларында, көлік тұрақтарында, көлік базарларында және көлік дүкендерінде криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері ұрланған автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл жұмыстар ұрланған көліктер сатылуы және қосалқы бөлшектерге бөлінуі мүмкін орындарды, көлік құралдарының агрегаттық мәліметтерін өзгерту деректерін анықтауға бағытталған.
Сондай-ақ көлікті айдап кету туралы қоңырауларға ден қою бойынша оқу-жаттығу іс-шаралары ұйымдастырылды.
"Жыл басынан облыста бір автокөлік ұрлығы және көлікті құқыққа сыйымсыз иемденудің 11 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта олардың барлығы ашылды. Көлікті айдап әкетуге түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Мәселен, жүргізушілердің бірі дүкеннің жанында автокөлігін оталып тұрған қалпында құлыптамай қалдырып кеткен. Бұдан бөлек, автодабылмен жабдықталмаған, жарық түспейтін учаскелерде, бейнебақылау жүйесі жоқ аумақтарда қаңтарылып тұрған тұрған көліктер де қылмыс объектісіне айналуы мүмкін. Автокөліктердің иелерінен өз мүліктеріне жауапкершілікпен қарауын сұраймыз", – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.