Тоқаев Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министрін қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тео Чи Хин екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екеніне тоқталды.

Президент бүгінгі 46-шы Сингапур лекциясында аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тақырыбы бойынша сөз сөйлеу зор мәртебе екенін жеткізді.

Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хин Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Ол әлеуметтік-саяси үрдістерді, өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін және экономикалық жағдайды зерттеуде Қазақстан Президентінің дәрісі өзекті саналатынына тоқталды.

Мемлекет басшысы мен Сингапурдың аға министрі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тео Чи Хинге өзінің "Беласу" кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына қолтаңба берді.

Айта кетерлігі, Тео Чи Хин бұл кітапты Қазақстанға жасаған сапарында сатып алып, зор ықыласпен оқып шыққан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда