"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, алдағы үш күнде республикадағы ауа райын қалыптастыру бастамасын солтүстік циклон көтереді, ол өзімен бірге қарға айналатын жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел түріндегі жауын-шашынды алып келеді.
"25-27 мамырда солтүстік облыстарда, 25-26 мамырда орталық және оңтүстік-шығыс облыстарда, 26 мамырда шығыс облыстарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың солтүстік-батыс облыстарында қатты жаңбыр күтіледі", - делінген хабарламада.
Өз кезегінде, синоптиктер атап өткендей, Скандинавия аймақтарынан келетін ауқымды антициклон республиканың батысында ашық ауа райын сақтайды.
"Жақындап келе жатқан суық ауа массалары 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26 мамырда түнде және таңертең -3°С аязды тудырады, Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында да салқын болады". "Қазгидромет" РМК
Алматыда суық ауа райы жазға дейін сақталады деп бұрын хабарланған болатын.