Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітіріп жатыр

Сурет: Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Келес ауданында үш жұп егіз оқушы бір сыныптың түлектері атанып отыр. Төрт қыз және екі ұл бала үлкен өмірге қадам баспақ, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Келес ауданы әкімдігінің мәліметінше, олар - Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері. Бұл мектепте биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді егіздерді сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы оқуда да озат екенін айтты.

"Данабай Ақылбек "Алтын белгіге", Данабай Асылбек "Үздік аттестатқа" үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса, бірдей заң саласында қызмет ету үшін "Тарих-Құқық" сияқты пәндерді таңдап отыр", - дейді мектеп мұғалімі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды