Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: видео скрині
Алматы облысыТалғар ауданының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген. Өз міндеттерін атқарып жатқанда құқық бұзушылар тәртіп сақшысын балағаттады.


Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйлеген. Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізді.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз