"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсарыға келіп жетті

Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсары қаласына келіп жетті. Ол мұнда 26-28 мамыр аралығында аялдап, дәрігерлер тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырай облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, ааматтарды қабылдау сағат 09.00 мен 18.00 аралығында жүргізіледі, түскі үзіліс уақыты: 13.00-14.00.

"Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету. Облыстардың шалғай станцияларында тұратын азаматардың жағдайы қиын және мұқтаж халықтың әртүрлі топтарына тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету және жәрдемдесу.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін