Шымкентте жолда адасып қалған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне полиглот полицей көмектесті

Сурет: polisia.kz
Шымкентте жолда адасып қалған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне полиглот полицей көмектесті. Тәртіп сақшысы Нұрдәулет Елгелдиев қаланың қарбалас көшелерінің бірінің бойында тұрған фураны байқап, жүргізушіден мән-жайды анықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам Өзбекстанға апаратын жолды таба алмағанын айтқан. Патрульдік инспекторлар жүк көлігін қала шекарасына дейін шығарып салып, әрі қарай жүру маршрутын түсіндірді.

"Шымкент полицейлеріне үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Рақмет, достар! Мен қала ішінде адасып кеткен едім, полиция қызметкерлері маған көмектесті, жол көрсетіп, шығарып салды", - дейді шетелдік ҚР ІІМ инстаграм парақшасына жолдаған видеосында.


Полиция қатарында 8 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрдәулет Елгелдиев қазақ және орыс тілдерінен бөлек түрік, ағылшын, өзбек және қырғыз тілдерін жетік меңгерген.

"Мектеп кезінен бастап маған әртүрлі тілде сөйлеу ұнайтын. Бұл тілдерді үйрену маған қиынға соқпады. Түркияда 4 жарым жыл оқыдым. Елге оралып, заңгер мамандығына түстім", - дейді тәртіп сақшысы.

Нұрдәулеттің айтуынша, тілдерді білудің арқасында ол шетелдіктерге бірнеше рет көмектескен, сондай-ақ білімін күнделікті өмірде де белсенді қолданады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды