Қазақстанда заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды жеңілдету жоспарлануда

ҚР ҰЭМ реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына, сондай-ақ тексеру парақтарының нысандарына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тәуекелдерді бағалау график талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады.

Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде жарияланады;

Сондай-ақ, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді. Олар "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.

Бақылау және қадағалау органында тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі қамтылған ақпараттық жүйе болған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері міндетті түрде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде орналастырылады.

Демек, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды екі есеге дейін төмендете отырып, бақылау және қадағалау органдарын проблемалы бизнес субъектілеріне ретке келтіруге және шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Құжат 10 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: