Түркістан облысында жұмыспен қамтуға бөлінген қаржы жымқырылған

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының "Еңбек мобильділігі орталығы" қызметінде жүйелі түрде заңбұзушылықтарға жол беріліп келген.

Мәселен, "Қоғамдық жұмыс" мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға заңсыз жалақы аударылып, 31 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.

Прокурорлардың мәліметінше, орталық қызметінде 4 млрд теңгеге қаржылық құйтырқы фактілері тіркелген. Негізсіз талап қою арқылы 760 кәсіпкердің құқықтары шектелген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал "Жастар практикасы" және "Ақылы қоғамдық жұмыс" бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына міндетті медициналық сақтандыру үшін бөлінген 11,6 млн теңге төленбеген.

"Мысалы тек қысқа мерзімді оқытудан 50 адам өтті. Бірақ бірде бірі тұрақты жұмысқа кірмеген бүгінгі күнге дейін. Мұндай фактілер көп. Бүгінгі күні бұл фактілер бойынша біз 4 прокурорлық акті енгіздік. Барлығы қарау сатысында." Болат Жұмағалиев, Түркістан облыстық Прокуратурасының басқарма бастығы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті