ҰҚШҰ кеңесінің отырысына байланысты Астанада қандай жолдар жабылады
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі:
- Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін);
- Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).
Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін.
Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген.
27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript