Абай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау жағдайын тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

Омбы – Майқапшағай тас жолында жедел ақпарат бойынша полицейлер ВАЗ 21060 автокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларымен тінту барысында артқы орындықта ішінде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар екі полимерлі пакет, сондай-ақ өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақты заты бар полимерлі пакеті бар сөмке табылып, тәркіленді.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, көлік құралын тінту кезінде алынған есірткі құралдары – 2 келі 006 гр, ал кептірілген марихуана – 23 келі 497 гр.

ВАЗ жүргізушісі Абай облысының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктінің өзі айтқандай, ол тыйым салынған тауарды Шу қаласынан алып келген.


"Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтаудамыз".Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс