Зейнеткердің телефонын алып, шотындағы барлық ақшасын жымқырған астаналық қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Елорда полициясы зейнеткердің телефонын алып, шотындағы барлық жиған-тергенін жымқырған ер адамды ұстады.

Полицияға 71 жастағы қала тұрғыны арыз беріп, бейтаныс біреу оның құны 100 мың теңге тұратын Samsung телефонын тартып алғанын айтқан.

Жас жігіт жәбірленушінің орындығының қасына келіп отырған. Зейнеткермен сөйлескеннен кейін ол қолындағы ұялы телефонын жұлып алып, ізін суытқан.

Кейін қаскүнем мобильді банкинг арқылы жәбірленушінің банктік шотынан 475 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қарақшылық шабуылмен айналысқан 31 жастағы Павлодар облысының тұрғынын ұстаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Шабуыл жасаған адам ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды ескертеді. Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға қоңырау шалуға кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді