Адам ұрлау және кісі өлтіру бойынша айыпталушы Бельгиядан Қазақстанға жеткізілді

Адам ұрлау және кісі өлтіру бойынша айыпталушы Бельгиядан Қазақстанға жеткізілді Сурет: Zakon.kz
24 жыл бұрын адам ұрлау мен кісі өлтіруге қатысқан 63 жастағы қылмыскер Бельгиядан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ІІД бастығы Арыстанғани Заппаровтың әлеуметтік желіде жазғанындай, 1997 жылы маусымда Новосібірде бір азамат жерлесін ұрлап, өлтіруге қатысқан. Ұрланған адамды босату үшін туыстарынан 100 мың доллар ақша талап етілді.

Шабуыл жасаушылардың бұл ауыр қылмысты адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны анықталды.


"Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға әртүрлі жазалар тағайындалды.Сот органдарынан қашып кеткен олардың біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды". Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов

Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасының келісуімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматыға жөнелтілді.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін адам өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көкшетауда бопсалаушылар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды

Алматыда Ұлттық кітап күні қалай атап өтіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

"Семей орманы" резерватындағы өрт: Бас прокуратура барлық қылмыстық істер бойынша соңғы нүктені қойды

10 күнге созылды: Павлодар облысында суға секірген адамды іздеу уақытша тоқтатылды