Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылдарының демалыс күндерін бекітті

Сурет: Zakon.kz
2024-2025 оқу жылы 34 аптаға созылады. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 25 мамырды қоса алғанда, хабарлайды Zakon.kz.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған оқу-ағарту министрлігі  бұйрығының жобасына сәйкес Қазақстандағы келесі оқу жылы 25 мамырда аяқталады.

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында);    1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;

11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 12 маусым аралығында.

Құжат 18 маусымға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты